Семейде спорт кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде спорт кешені ашылды

30.09.2014
Семейде спорт кешені ашылды

Семейде спорттың жекпе-жек түрлерінен әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Нысан «Қазақстанның Бокс федерациясы» ассоциациясының тапсырысымен бой көтерген.

Құрылысына 230 миллион теңге жұмсалды. Кешенде көрермендердің жылжымалы орындары, бокс рингтері, арнайы жаттығу залдары бар. Күніне 250 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Спорттық ғимаратта бокстан бөлек, дзюдо, ауыр атлетика, таэквондомен де айналысуға  болады. Қазақстанның кәсіби Бокс федерациясы алда еліміздің әр өңірінде осындай спорттық сауықтыру кешендерін ашпақ ойда. Әзірге алғаш болып Түркістан мен Семейде іске қосылды.

Ержан ЖАҚЫП 

Хабарламаларға жазылу