«Тіл шебері - 2014» республикалық байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тіл шебері - 2014» республикалық байқауы өтеді

23.09.2014
«Тіл шебері - 2014» республикалық байқауы өтеді

26 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрда «Тіл шебері - 2014» республикалық байқауы өтеді.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқының Тілдер күніне орай ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Мақсат -    қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Байқауда  18 бен 25 жас аралығындағы 16 жас білім және өнер сайысына түседі.

Хабарламаларға жазылу