Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы өтеді

20.09.2015
Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы өтеді

23 қыркүйекте Семейде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті  «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізеді.

Байқау Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Абай шығармаларын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Шараға зиялы қауым өкілдері, қала әкімі аппаратының қызметкерлері, тіл жанашырлары және БАҚ өкілдері қатысады.  

Хабарламаларға жазылу