Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан: «Бүгінгі технология дамыған заманда адамның көңіліне селкем түсіретін дүние бар. Ол – аңшылықтың азып кетуі. XX ғасырда қазақ даласында 7 мың тазыға дейін болатын. Бүгінде таза қанды тазының саны 300-ге жетпейді. Мұның бәрі мемлекеттің қамқорлығы арқылы реттеледі»,-дейді.
Құмай тазының қазақ халқының өмірінде алар орны зор. Байқауды өткізудегі негізгі мақсат – қазақы тазы иттердің шыққан жері Қазақстан аймағы екенін дәлелдеу. Сондай-ақ, нағыз құмай тазыларды іріктеп, арнайы сертификат беру де қарастырылған.
Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов та отбасымен бірге жарысты тамашалауға келіпті.
«Негізінен тазымен аң аулау екінің бірінің қолынан келмейді. Еуропа халқы үшін бұл таңсық нәрсе. Табиғатынан аңшы болып туатын итті өсіріп, баптау да – жауапты іс. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақ халқының мәдениетінде тазының алатын орны бөлек. Қазақы жылқы тұқымы, бүркітті алыңыз, құмай тазысы – біз үшін өте қызықты»,-дейді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.