Ит асыраушылар төбет төбелестіруге тыйым салатын заң қабылдануына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ит асыраушылар төбет төбелестіруге тыйым салатын заң қабылдануына қарсы

24.10.2021

Төбет асыраушылар төбет төбелестіруге тыйым салатын заң қабылдануына қарсы. Неге? Не дейді? Төбетті төбелестіру – қажет сынақ дейтіндердің пиғылы қаншалықты таза? Жануарларды әдейі талату – жауыздың жауызы істейтін тірлік дейтін табиғат жанашырларының сөзі біздің уақытта қаншалықты өтімді?

Жеке субъективті пікір – төбет төбелестіру өткен күннің еншісінде қалу керек деп есептейміз. Жан-жануарға қатысты түрлі фильмдер, шығармаларды баламен бірге көріп, бірге оқу мәдениеті тараса. Мәселен үлкен сыныптарда М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесін бірге талдаса, танымды арттыруға ықпалдасатыны сөзсіз. Тараптарды тыңдаған Амангелді Сейітханның материалы.

Хабарламаларға жазылу