Ит жақсысы – тазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ит жақсысы – тазы

25.09.2014
Ит жақсысы – тазы

Тазы алғаш қазақ даласында б.з.д. 7-6 мыңжылдықта қолға үйретілген деген дерек бар. Сондай-ақ, шамамен 2000-2500 жыл бұрын тасқа қашалып салынған суреттер тазының сақ заманында қолға үйретілгенін дәлелдейді, дейді ғалымдар.

Жеті қазынаның бірі саналатын жануардың жылдамдығы сағатына 80 шақырым. Ит тұқымдарының ішінде тазы адамға таппайтын, аң аулауға жаралған жануар. Биіктігі жарты метрден 70 см аралығында болса, салмағы 15 келіден 35 келіге дейін болады.

Қазақ епті, жүйрік тазыны «құмай тазы», деп атайды. «Ит жақсысы – тазы», деп ерекше қадірлейді.

Орыс зерттеушілері 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында 10 мыңға жуық тазы болғанын жазып кеткен. Ал, бүгінде таза қанды тазылардың саны 200-ге жуықтап тұр.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу