«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары – «Әйел бақытында» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары – «Әйел бақытында»

22.09.2014
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары – «Әйел бақытында»

Осы аптада Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қорытындыланды. Байқау өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің  маңызын насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылар қатыстырылады.

«Мерейлі отбасы»  сайысына биыл  1298 шаңырақ қатысты.  Ал шешуші сынға өңірлік турлардың  қорытындысы бойынша 16 отбасы шықты. Үміткерлер –  теміржолшылардың, дәрігерлердің,  ғалымдардың, спортшылардың  шаңырағы.  

Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуында байқау жеңімпаздары қонақта болады.

Хабарламаларға жазылу