Талдықорғандағы авиация базасында «Авиатор жауынгерлер» монументінің ашылу салтанаты өтті.
Патриоттық акция аясында ұйымдастырылған салтанатты шараға Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері, Қарулы Күштердің ардагерлері, қалалық әкімдік қызметкерлері қатысты.
«Акцияның негізгі мақсаты - Қазақстан әскерінің қалыптасуы мен нығаюына салмақты үлес қосқан әскери қызметкерлерді құрметтеу, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу», - деп атап өтті ӘҚК бас қолбасшысы басқармасы Ұшулар қауіпсіздігі қызметінің бастығы полковник Қайрат Баймаханов.
Шарада сөз алғандар Әскери-әуе күштерінің құрамын тәрбиелеудегі «Авиатор жауынгерлер» монументінің маңызына тоқталды.