Елордада «Бейбітшілік қабырғасы» монументі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Бейбітшілік қабырғасы» монументі ашылды

02.09.2018

Әлемде мылтықтың үні әлі тынбай тұрған жерлер бар. Алысқа бармай, Таяу Шығыс пен Африка және Ауған елін мысал етсек те жеткілікті. Оның үстіне террорлық ұйымдар да бой бермей тұр. Өркениеттің өрісі кеңіген 21 ғасырда азаматтардың жазықсыз жантәсілім етіп жатуы кімді болсын ойландырмай қоймайды. Бұл аздай, атом қаруын жасаудан жарыс тіпті күшейді. Үлкен елдер алапат қаруды бір-бірін ықтыратын құралға айналдырғалы қашан. Алайда, сол ұр да жық әдет бүгін де жалғасып келеді. Әрі олардың қарасы көбейіп бара жатқаны қынжылтады. Мұның бәрі тұтас адамзатты алаңдатады. Ал, Қазақстан болса, тәуелсіздік алған күннен бейбітшілікке түбегейлі бет бұрды. Жаһан да қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныштықты қалайды. Тек қалап қанай қоймай, содан бері толассыз жұмыс істеді. Нәтижесінде, қазір әлемдік қауымдастықта жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, антиядролық қозғалыс бойынша бірегей көшбасшыға айналдық. Ал, Қазақ лидерінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми құжаты болып бекіді. Семей полигоны жабылған 29 тамызды бүгінде әлем Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтеді. Енді міне, осы аптада елордамызда «Бейбітшілік қабырғасы» монументі ашылды.

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу