Елбасы: «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі біздің елдің тек өрлеуге ұмтылатынын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі біздің елдің тек өрлеуге ұмтылатынын көрсетеді

17.12.2016
Елбасы: «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі біздің елдің тек өрлеуге ұмтылатынын көрсетеді

Бүгін елордада «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі ашылды. Салтанатты шараға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Биіктігі 70 метрлік монумент 3,5 айда тұрғызылған. Оның құрылысына әлемдегі ең сапалы каррарск мәрмәрі қолданылды.

«Көкке ұмтылған монумент Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіргісі келетінін және біздің елдің тек өрлеуге ұмтылатынын көрсетеді»,-деді Мемлекет басшысы.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің авторы - алматылық Еділ Әлімбеков. Осыдан тура бір жыл бұрын өткен республикалық сайыста оның жобасы үздік деп танылған.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу