Қазақы өнерді дамытып жүрген жастар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақы өнерді дамытып жүрген жастар

18.09.2014
Қазақы өнерді дамытып жүрген жастар

Елдос Жақсынов – зергерлік өнерді жанына серік еткен жан. Атадан қалған көне кәсіпті дамытуға үлесімді қоссам, дейді. Жүзік, сырға, білезік сынды әшекей бұйымдар жасайды.

«Өткенімізді білмей, кемел болашаққа қадам жасай алмаймыз. Бұл – біздің мәдениет, бұл – біздің қолөнер. Қазақтың иісі болғаннан кейін осы кәсіпті өзіме жақын тарттым», - дейді зергер.

Шебер Ерболат Қарабдал: «Қазақтың байырғы өнерлері – құмарашылық, ағаш өнерін дамытып жатырмыз. Арнайы үйірмелеріміз де бар. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Құланшы» деген галереяда жеке студиямыз бар»,-дейді.

Қазақы өнерді дамытып жүрген жастардың тірлігімен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу