Лена Сахариева: Қазақтың оюы – асқан ыждаһаттылықты талап етеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лена Сахариева: Қазақтың оюы – асқан ыждаһаттылықты талап етеді (ВИДЕО)

16.11.2015
Лена Сахариева: Қазақтың оюы – асқан ыждаһаттылықты талап етеді (ВИДЕО)

Лена Сахариева – Ақтөбе қаласында қолөнер бұйымдарын жасауда көпшілікке үлгі болып жүрген жан. Жасына қарамай, бүгінде жеке кәсіпкер атанып, тапсырыс бойынша жұмыс істеп келеді. Бала күнінен біліп өскен өнер, уақыт өте келе шыңдала түскен. «Әрбір қазақ қызының ісмерлікке жақын болғаны құптарлық іс»,-деп біледі ол.

«Ұқыптылық, шыдамдылық деген қасиеттердің барлығы – осы қазақтың қолөнерінде жатыр. Кезінде қазақ қыздары өз жасауларын өздері дайындаған. Бұл – қыз баланың тиянақты жүруіне септігін тигізеді»,-дейді Лена  әже.

Лена Сахариева Ақтөбе облысында қыздар университетін тәмамдаған соң, ұзақ жыл бала оқытқан. Кейін зейнетке шыққан соң, өзі білетін бұйымдарды жасаумен, қазақы өнерді жаңғыртумен айналысуды бастады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпті жүргізуді меңгерген әже бүгінде  қолға алған ісін дамытып келеді.

«Ақша үшін қалай болса, солай тігіліп, сатылып жатқан дүниелерді көргенде, намыстанамын. Өйткені, қазақтың ою-өрнектері дұрыс қолданылмай жатыр. Өрнек – асқан ыждаһаттылықты, жауапкершілікті талап етеді»,-дейді әже.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу