Атырау облысында мобильді ХҚКО 1,5 мың адамға қызмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында мобильді ХҚКО 1,5 мың адамға қызмет көрсетті

17.09.2014
Атырау облысында мобильді  ХҚКО 1,5 мың адамға  қызмет көрсетті

2014 жылдың 8 айында  Атырау облысында мобильді Халыққа қызмет көрсету орталықтары  1,5 мың адамға қызмет көрсетті.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Мобильді ХҚКО  шалғай елді мекендерден аудан орталығына қатынауы қиын тұрғындарға ХҚКО-ның барлық қызметін көрсету мүмкіндігі бар. Аудан тұрғындары қызметтерді арнайы кестеге сәйкес пайдалануда.

Биылғы жылдың 8 айында  96  МХҚКО-ның  сапарға шығуы орындалып, 1434 мемлекеттік қызмет көрсетілді»,  делінген хабарламада.

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу