Мемлекеттік қызметтер Ғacebook, ВКонтакте жүйесінде де қолжетімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметтер Ғacebook, ВКонтакте жүйесінде де қолжетімді

11.10.2019

Мемлекеттік қызметтер енді Telegram-ботта ғана емес, Ғacebook, ВКонтакте жүйесінде де қолжетімді. Түркістан облысында енгізілген пилотты жоба өзін-өзі ақтады. Енді азаматтар аталған әлеуметтік желілердің мессенджерлері арқылы 20 шақты анықтама мен құжат түрін еш қиындықсыз алады. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, кезек күтіп әуре болмайды. Пайдаланушылар аталған әлеуметтік желілерден egov.kz парақшасын тауып, хабарлама жібереді. Ақылды жүйе операторларға жүктеме беріп, орындаушыны тағайындайды. Осылайша, пайдаланушы виртуалды кеңесшімен диалог жүргізіп, анықтамалық ақпаратты egov.kz порталына өтпей-ақ ала алады. Айта кету керек, жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша 450мыңға жуық адам мобильді азаматтар базасына тіркелген. 1 200мыңнан астам электронды қызмет көрсетілген. 

Бекзат Тұрмағамбет, қала тұрғыны:

Фейсбук желісінде көп отырамын. Құжаттарды содан алу маған ыңғайлырақ. Қазіргі кезде бәрінде смартфон, телефон бар. Әлеуметтік желілердің әрқайсысы-бренд. Сондықтан телефонмен алу –оңайырақ. 

Құндызай Әбдірахманова, ХҚКО бөлім басшысы:

Сол мақсатта күнделікті қолданып жүрген телефонды ХҚКО әкеліп тіркетсеңіздер, электронды кезекке тұрмай-ақ, құжат ала аласыздар!

Хабарламаларға жазылу