Алматыда ХҚКО 2 млн 600 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ХҚКО 2 млн 600 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсеткен

06.01.2023

Алматыда былтыр халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2 млн 600 мыңнан аса адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 94%-ын «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн алуға болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары тұрғындар арасында 5 танымал қызмет түрін атады. Электронды цифрлық қолтаңба алу, көлік құралын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, әлеуметтік қызметтер мен жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және тіркеуді алматылықтар жиі пайдаланған.

Фарида Бокижанова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалы директорының орынбасары:

940 қызмет - смартфонда қолжетімді. 26 қызмет проактивті және 38 қызмет «Бейне ХҚО» форматы арқылы көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу