Қыркүйек пен қазан балықшылар үшін қызу науқан. Мамандар мынандай жасанды тоғандарда тұқы, дөңмаңдай, ақ амуртұқымдарын жаз бойы өсірді.
Қолдан жемдеп, табиғи қауіптерден қорғады. Күз келгенде тоғанның суы тобыққа дейін төмендейді. Сол кезде 4 айлық шабақтарды сүзіп алып,салмағын өлшеп «Қапшағай» су қоймасына жібереді.
Амангелді СЕЙІТХАН