Балқаш көліне 350 мың шабақ жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш көліне 350 мың шабақ жіберілді

06.10.2020

Балқашқа рекордтық көлемдегі шабақтар жіберілді. Көкше көлге бұл жолы 353 мыңнан астам тұқы балықтар босатылған.

Оларды зақымдап алмас үшін мамандар Тараздан арнайы бөшкелері бар жүк көліктерімен жеткізген. Шабақтарды жіберуге көлдің тіршілікке қолайлы, қамысты аумағы таңдалған. Мұз қатқанға дейін бейімделіп, біраз өсіп қалады,-дейді табиғат жанашырлары. Әзірге олардың орташа салмағы 21 гр ғана. Балқашқа балықшылар көптеп келеді. Туристерді де негізінен осы қызықтырады. Көлдегі балық құрып кетпес үшін табиғи тепе-теңдікті бұзбай, қолдан өсім жасап отыру аса маңызды.

Еркінбек Қуматаев, Балық шауашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Балқаш филиалының директоры: 
-Балықтарды осы ағынға жіберген себебіміз мұнда жыртқыш балықтар аз. Және де қамыс көп. Бұл жерде бұлар ауыр жолдан кейін бейімделіп, ары қарай көлге қосылады. Кәсіптік қорға жеткізу үшін әлі үш жыл уақыт керек. Үш жыл уақыт ішінде кәсіптік қорға жетіп, бұйырса біздің дастарханымызда болады деген армандамыз.  

 Руслан Нұрланұлы


Балқаш шабақ

Хабарламаларға жазылу