«Қара алтын» бағасы сәрсенбіден бері өсіп келеді. «Bloomberg» агенттігінің мәліметінше, «Brent» мұнайының бір баррелі бүгін 0,04 пайызға қымбаттап, 48,19 долларға саудаланып жатыр.
Ал, оның «WTI» сұрыбы 44,95 долларға жетті. Шикізаттың қымбаттауына АҚШ-тағы мұнай қорының азайғаны туралы жаңалықтың тарауы түрткі болып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ