Қазақстан – Латвия ойынына 9 мыңнан астам билет сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – Латвия ойынына 9 мыңнан астам билет сатылды

09.09.2014
Қазақстан – Латвия ойынына 9 мыңнан астам билет сатылды

Еуро-2016 додасының іріктеу кезеңі аясында кездесетін Қазақстан-Латвия матчына 9 қыркүйек күні сағат 12.00-де 9 мыңнан астам билет сатылды.  Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша матчқа 15 мың көрермен келмек. Негізі «Астана Арена» стадионына 30200 адам сыяды.

Стадиондағы тәртіпті қадағалау үшін 800-дей полиция қызметкері тартылған.

Көрермендерге арналған транспорттық қызмет көрсету төмендегідей болмақ:

  1. «Астана Арена» стадионына дейін  № 10, 12, 27, 30, 40, 41, 43 автобус маршруттарымен баруға болады;
  2. Матч аяқталғаннан кейін осы автобустар көрермендер үшін қызмет етеді.

Хабарламаларға жазылу