Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасының бапкерлері Инчхонда өтетін Азия ойындарына баратын спортшыларды атады.
Оңтүстік Кореяға 12 волейболшы барады. Сонымен құрама сапына Елена Гордеева, Ирина Шенбергер, Анастасия Ростовщикова, Наталья Акилова, Ардақ Маратова, Анастасия Коломоец, Ирина Чумак, Регина Данилова, Әлия Баткульдина, Айнагүл Айжарықова, Валерия Рылова мен Екатерина Разоренкова шақырту алды. Құраманың көп ойыншысы «Алматы» волейбол клубында ойнайды.
Айта кетейік, негізгі құрама Азия ойындарына қатыса алмайды. Себебі олар Азия ойындарымен қатар өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
Инчхондағы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Бұған дейін Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қола медаль алған болатын.