Инчхон-2014: Қазақстандық баскетболшылардың қарсыластары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014: Қазақстандық баскетболшылардың қарсыластары белгілі болды

01.09.2014
Инчхон-2014: Қазақстандық баскетболшылардың қарсыластары белгілі болды

Баскетболдан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасының ХVII Азия ойындарындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарының іріктеу турнирінде «В» тобында Сауд Арабиясы, Палестина және Үндістан құрамаларымен бақ сынасады.

Топта бірінші орын алған команда келесі кезеңде Иран және Филиппин құрамалары ойнайтын топқа түседі. Ал, екінші орын алған команда Қытай мен Тайпей құрамаларымен кездеседі.

Ал, әйелдер құрамасы Моңғолия, Непал, Катар және Гонконг құрамаларымен сынға түседі. Бұл топтың жеңімпазы ширек финалда Оңтүстік Корея құрамасымен ойнайды. Ал, екінші орын алған құрама Қытай баскетболшыларымен кездеседі.

Еске сала кетейік, ХVII Азия ойындары Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу