Астанада Денсаулық фестивалі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Денсаулық фестивалі ұйымдастырылды

06.09.2014
Астанада Денсаулық фестивалі ұйымдастырылды

Бүгін Астанада өткен дәстүрлі  Денсаулық фестивалі  аясында 1,5 шақырымға бұқаралық жүгіру ұйымдастырылды.

Шара  Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіш жанынан басталып, «Жерұйық» паркінде аяқталды.

Жүгіруге қатысқандар үшін қазақстандық жас эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді. Онда Еркеш Хасен, «Самұрық» шоу-балеті, «Акапелла-априори» тобы, Астана черлидерлерінің командасы, сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған фестивальға 4000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу