Доһада жанкүйерлер фестивалі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доһада жанкүйерлер фестивалі ұйымдастырылды

20.11.2022

Қатар астанасы Доһада әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерге арналған фан-фестиваль өтіп, арнайы отшашу ұйымдастырылды. Ондаған дрондардың қатысуымен орындалған пиротехникалық шоуды 18 мыңдай жанкүйер тамашалады. Сондай-ақ мундиальдің гимні орындалды. Ал футболдан Әлем чемпионатының ресми ашылуы бүгін 20:45-те басталады. Ала доп мерекесін «Qazaqstan» ұлттық арнасы және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу