Семейде ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар үшін оңалту орталығы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар үшін оңалту орталығы салынады

05.09.2014
Семейде ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар үшін оңалту орталығы салынады

Дохада Н. Ә. Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар қоры өзара ынтымақтастық пен әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Қол қойылған меморандумға сәйкес, екі тарап бірінші кезекте Семейде ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар үшін оңалту орталығын салу жобасын талқылады.

Катардың Сыртқы істер министрі Халед бен Мұхаммед Әл-Аттый ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпті азайту және таратпау мәселесіне халықаралық деңгейдегі жұмысын бағалап, Катардың Семей қаласында салынатын оңалту орталығына баса назар аударып отырғанын айтты.

Хабарламаларға жазылу