Ядролық сынақтардан жапа шеккендерге көмектесу үшін сенімгерлік қор құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ядролық сынақтардан жапа шеккендерге көмектесу үшін сенімгерлік қор құрылады

29.08.2023

Қазақстан ядролық сынақтардан жапа шеккен Кирибати елімен бірлесіп, сенімгерлік қор құрмақ. Мақсат – зардап шеккен елдерге қаржылай көмек көрсету. Бұл туралы елордада өткен «Ядролық қарудың гуманитарлық зардаптары және Орталық Азия ядролық қарудан азат аймақ» халықаралық конференциясында белгілі болды. Халықаралық қор жұмысы ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа сәйкес іске асырылмақ. Қазақстан келесі жылы Ядролық қаруды таратпау туралы шарт бойынша шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші сессиясына төрағалық етеді.

Қайрат Омаров, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

Бұл алдағы 2 жылда атқыралатын үлкен жұмыстардың бірсыпырасы. Осы шарт бізге оңалту, зардап шеккендерге көмек қолын созу ғана емес, сонымен қатар ядролық сынақтарға тыйым салу қажеттігін бүкіл әлемге айту мүмкіндігін береді.


Хабарламаларға жазылу