Семейде оңалту және абилитация жасау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде оңалту және абилитация жасау орталығы ашылды

23.01.2023

Семейде оңалту және абилитация жасау орталығы ашылды. Атом полигонынан зардап шеккен өңірде 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам болса, оның 4 мыңы бала. Соған қарамастан өңірде талапқа сай оңалту орталығы мүлдем болмаған. Салдарынан денсаулығында кінәраты барлар ем жасау үшін басқа қалаларға сабылып, тіпті шет елдерге баруға мәжбүр болған. Ал енді жан-жақты ем түрлері қалада көрсетіледі. Орталықтың құрылысына республикалық бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінген.

Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 12 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр. Семей қаласында ашылғанына өте қуаныштымын. Абай облысында полигонның әсері бар. Сондықтан бұл жерде психоневрологиялық, жүру-тұру функциясын жоғалтқан адамдар көп. Барлық Қазақстанның 20 өңірінде де ашылу жоспарланып отыр.
Абылайхан Асылбай, Семей қаласының тұрғыны:
Мүмкіндігі шектеулі жандар бұрындары Өскеменге, Зырянға барып қатынайтын едік. Ол жақта 70 орындық болса, мына жерде 150 орындық екен. Сапалы өте тамаша. Қуанып жатырмыз.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу