Астанада «Балбөбек- жас дәурен» қалалық фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Балбөбек- жас дәурен» қалалық фестивалі өтеді

26.10.2015
Астанада «Балбөбек- жас дәурен» қалалық фестивалі өтеді

Астана қаласындағы «Жастар» сарайында  «Балбөбек - жас дәурен» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ашық қалалық фестивалі өтеді. Шараға 10-21 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады.

Қатысушылар «Эстрадалық вокал», «Хореография. Заманауи би», «Фотосурет» аталымдары бойынша өзара үздікті анықтайды.

«Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты

Байқаудың негізгі мақсаты  - дарынды орындаушыларды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, өнерлерін мен орындаушылық шеберлігін дамыту.

Фестиваль кестесі:

30 қазан, сағат 17:00

 «Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты;

31 қазан,  сағат 10:00

«Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалі қатысушыларының байқау қойылымдары;

1 қараша, сағат 17:00

«Балбөбек – жас дәурен» қалалық балалар шығармашылық фестивалінің гала-концерті және марапаттау рәсімі.

 

madeniet.astana.kz

Хабарламаларға жазылу