Бүгін - Шахтерлар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Шахтерлар күні

31.08.2014
Бүгін -  Шахтерлар күні

Бүгінде тамыз айының соңғы демалысында экономиканың табысты дамуының кепілдігі  саналатын ауыр еңбек иелері – шахтерлар  кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Шахтерлар күні КСРО-да 1947 жылғы 10 қыркүйекте көмір өнеркәсібінің министрлері Ф.Засядько және Д.Г.Ониканың ұсынысымен ресми бекітілген болатын.

Алғаш рет 1948 жылдың 29 тамызы күні мерекеленді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы мемлекетіміз кеншілердің мыңдаған әскерінің жанқиярлық еңбегіне тиісті баға беріп, осы мерекені атап өтуде.

Бұл қауіпті әрі сыйлы мамандық адамнан барынша төзімділік пен ерлікті, шынайы жанқиярлықты талап етеді.

Мерекеде еліміздің өндірістік орталығы саналатын Қарағанды қаласында бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу