500-ден астам елордалық полицей Конституция күніне арналған веложарысқа қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

500-ден астам елордалық полицей Конституция күніне арналған веложарысқа қатысты

30.08.2014
500-ден астам елордалық полицей Конституция күніне арналған веложарысқа қатысты

Бүгін  елордада Конституция күніне арналған дәстүрлі веложарыс өтті.

Бұқаралық марафонға полиция бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың басшылық етуімен 500-ден астам ІІД қызметкері қатысты.

 «Атамекен» кешенінен басталған марафон «Мәңгілік Ел» монументінде мәресіне жетті, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.  

Ішкі істер органдарының ардагерлері де бұл шарадан шет қалмады. Веложарысқа  ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы 75 жастағы Есім Танабергенов пен «Сарыарқа» аудандық ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы  Қаршыға Кішкентаев қатысты.

Хабарламаларға жазылу