Алматыда сот қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сот қызметкерлері марапатталды

29.08.2014
Алматыда сот қызметкерлері марапатталды

Бүгін Алматы қалалық сотында Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Конституция күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.

Осыдан тура 19 жыл бұрын Елбасының бастамасымен бүкілхалықтық  референдумында қабылданған Ата Заңымыз - еліміз үшін аса маңызды құжатқа айналды.

Жоғарғы сот төрағасы осы орайда, сот қызметкерлерінің еңбектері орасан зор екенін тілге тиек етті.

Жиында Қайрат Мәми тәжірибесі мен біліктілігі жоғары, сотта ұзақ қызмет атқарған судьяларды арнайы төсбелгімен марапаттап, алғыс хат табыстады.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу