Астанада жасөспірімдер арасында хоккейден турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жасөспірімдер арасында хоккейден турнир өтеді

17.08.2014
Астанада жасөспірімдер арасында хоккейден турнир  өтеді

Астанада Конституция күніне орай жасөспірімдер арасында хоккейден турнир өтеді, деп хабарлайды «Барыс» ХК баспасөз қызметі.

«22-24 тамыз аралығында елорданың «Тарлан» мұз айдынында шайбалы хоккейден 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Конституция күніне арналған республикалық турнир өтеді»,  делінген хабарламада.  

Турнирде «Барыс-1», «Барыс-2» (Астана), «Юность» (Қарағанды), «Промсервис» (Екібастұз), «Арыстан» (Теміртау) және «Арлан» (Көкшетау) командалары бақ сынайды.

Дода екі кезеңнен тұрады: топтың және финалдық.

Хабарламаларға жазылу