Бүгін Ақтауда Дүниежүзілік мұра қалаларының 7-ші халықаралық конференциясы қарсаңында Түркия делегациясымен кездесу өтті.
Кездесуде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Қазақстан басқа елдердің шекаралас аудандарымен әлеуметтік-экономикалық және сауда қатынастарын белсенді дамытып жатқанын айтты.
«Біз түрік кәсіпкерлері тарапынан инвестицияны ұлғайтуға мүдделіміз. Біздің өңір, жалпы Қазақстан Еуразияның көлік-логистикалық орталығына айналды. Облыста теңіз порты, сал өткелі инфрақұрылымы дамуда. Каспий теңізі мен ашылатын жаңа теміржол арқылы жүк тікелей Түркияға жеткізілетін болады. Біз қойма салу үшін еркін экономикалық аймағы аумағына жер беруге әзірміз, себебі өнім тек қана біздің өңірде ғана емес, Қазақстанның батысындағы өзге де аймақтарға сатылуы тиіс», - деді Алик Айдаров.
Бұдан басқа, ол Маңғыстау облысының билігі туризм дамыту және табысты бизнес жүргізу үшін Каспий теңізі жағалауынан жер телімін беруге әзір екенін атап өтті.
Ал Түркия делегациясының өкілдері өз мүмкіндіктерімен бөлісіп, барлық саладағы өзара тиімді әріптестікті күшейтуді ұсынды.