БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады

БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады

Батыс Қазақстан облысында 2028 жылы газ өңдеу зауытының құрылысы басталмақ. Қарашығанақ акционерлерінің шешімімен, кен орнында жылдық қуаттылығы 4 млрд текше метр тауарлы газ өндіретін ірі кәсіпорын салынады. Батыс Қазақстан - елдегі мұнай өндіру көлемі бойынша үшінші аймақ. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында сала үздіктері марапатталды. Аймақта былтыр 12,6 млн тонна сұйық көмірсутек игерілген. Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру полкін қолдау жобалары аясында 5-кері айдау компрессорының құрылысы аяқталды. Қазір 6-компрессордың құрылысы жүріп жатыр. Жыл басынан бері 17,4 млн текше метр газ және 8,4 млн тонна мұнай-газ конденсаты өндірілген. Салада геологтардан бастап, бұрғылаушы, мұнайшы, тасымалдаушыларға дейін ұлттық экономиканың дамуына үлес қосып келе жатқан мыңдаған маман еңбек етеді. Арасында еңбек әулеттері де бар.

Темірғали Мамешов, мұнай-газ саласының ардагері:

1985 жылы келіп, Қарашығанақ мұнай кенішінде жұмыс істей бастадым. Еңбек жолымды бұрғылаушының көмекшісі ретінде бастадым. 22 кен орнын ашып, өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Қызым қазір «Орал мұнай-газ геология» мекемесінде жұмыс істейді.

Бөлісу