Тұтынушылар «Sony» компаниясы су өткізбейтін смартфондардың құрастырушысы екенін біледі. Бұл жолы жапониялықтар жаңа Xperia M2 смартфонының қорғанысына баса назар аударған.
Бұған дейін, компания Xperia M2 смартфонын бірнеше ай бұрын сатылымға шығарды. Оның нарықтағы бағасы қолжетімді болды. Алайда, бұл смартфон су өткізбейтін құрылғымен жабдықталмаған еді.
Ал жаңа нұсқадағы Xperia M2 Aqua смартфоны су қорғанысы бойынша ең жоғары рейтингке ие болды. Бұл смартфонмен су астында видео түсіруге де болады. Жапониялықтар M2 Aqua телефонының су астында жарты сағаттық видео түсіруге жарамды екеніне сенімді.