Sony фотоаппараты автофокус жылдамдығы бойынша тағы да рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Sony фотоаппараты автофокус жылдамдығы бойынша тағы да рекорд орнатты

07.02.2016
Sony фотоаппараты автофокус жылдамдығы бойынша тағы да рекорд орнатты

Жапониялық «Sony» компаниясы А6300 модельді фотоаппаратты таныстырды. Құрылғы автофокус жылдамдығымен мақтана алады. Фокустандыру үшін бар-жоғы 0,05 секундты талап етеді.

Сондай-ақ, фотоаппаратпен 4K сапасы бойынша видео түсіруге де болады.

 А6300 фотоаппаратына 24,2 мегапикселді APS-C CMOS сенсоры орнатылған. Суретті өңдеуге BionZ орталық процессоры жауап береді. Ал, ISO ауқымы 100 бен 51200 аралығын қамтиды. 

Хабарламаларға жазылу