Mercedes әлемдегі ең қауіпсіз көлік шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Mercedes әлемдегі ең қауіпсіз көлік шығарды

25.02.2016
Mercedes әлемдегі ең қауіпсіз көлік шығарды

Әлемдегі ең қауіпсіз көлік жұрт назарына ұсынылды. Mercedes компаниясы шығарған брондалған «Maybach S600» көлігі Германияда салықты қоспағанда, 470 мың еуроға бағаланып отыр.

Жаңа модель баллистикалық қорғау дәрежесін иеленді. Оның шанақ панелі мен терезесі автоматты қару мен жарылғыш заттарды өткізбейтін қабілетке ие. Ерекше көліктің сыртқы келбетінің қарапайым көліктен еш айырмашылығы жоқ. Бұл да VIP жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған шара. Барлық терезесі оқ өткізбейтін материалмен жабдықталған.

Хабарламаларға жазылу