Қызылорда облысында алдағы үш күнде қатты ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында алдағы үш күнде қатты ыстық болады

11.08.2014
Қызылорда облысында алдағы үш күнде қатты ыстық болады

Қызылорда облысында алдағы 12-14 тамыз күндері қатты ыстық болады, деп күтілуде. Бұл туралы ҚазАқпарт хабарлап отыр.

Осы үш күн ішінде Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз ауа температурасы 40-43°С градусқа дейін көтеріліп, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен облыс қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аудару  керектігін ескертеді.

Хабарламаларға жазылу