Қатты аяз алдағы үш күн бойы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатты аяз алдағы үш күн бойы сақталады

24.01.2018

Суық антициклон алдағы үш күнде кетпейді. Еліміздің кейбір аймағында орныққан қатты аяз әлі сақталады. Синоптиктердің айтуынша, Қызылорда, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 24 қаңтар күні Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында қатты жел болады. Оның күші секундына 30 метр және одан да асуы мүмкін. Осындай дауыл Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтар күні болады. Республиканың батыс пен оңтүстіктің кей жерлерінде боран соғады. Ал, Астанада алдағы күндері ауа температурасы -35 -37 градусқа дейін түседі. 

Айгүл Алдабергенова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:

- Үш күнде Қазақстан территориясы суық антициклон ықпалында болады. Соған байланысты елімізде қатты аяз сақталады. Тек еліміздің батысында Иран, Қара теңізден келетін жылы ауа массаларына байланысты ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градус жылы болады.

Хабарламаларға жазылу