Алдағы 3 тәулікте кей өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 3 тәулікте кей өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады

22.06.2022

Алдағы үш тәулікте кей өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Болжамға сай, еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Әсіресе солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан мен Жамбыл облыстарында 45 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін.  

Хабарламаларға жазылу