Канада аумағын ұлғайту үшін Арктика түбіне зерттеу жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада аумағын ұлғайту үшін Арктика түбіне зерттеу жүргізуде

10.08.2014
Канада аумағын ұлғайту үшін Арктика түбіне зерттеу жүргізуде

Канада Арктикаға зерттеу жүргізіп,  теңіз түбінің картасын құрастыру  мақсатында арнайы топ аттандырды.  Бұл арқылы олар ел аумағын ұлғайтпақ ниетте.

Ньюфаундленд портынан шыққан екі мұзжарғыш кеме Элсмир аралынан Солтүстік полюске жететін су жоталары туралы мәліметтерді жинамақ.

Жердің бұл аумағында 13 пайыз барланбаған мұнай қойнауы мен 30 пайыз табиғи газ сақталған деп саналады.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Канада Біріккен Ұлттар Ұйымына Атлант мұхитындағы мемлекеттердің шекарасын қайта қарау туралы үндеу жолдаған болатын, деп хабарлайды BBC.

Хабарламаларға жазылу