Солтүстік Атлантикада жоғалып кеткен сүңгуір қайық әлі табылған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Атлантикада жоғалып кеткен сүңгуір қайық әлі табылған жоқ

21.06.2023

Солтүстік Атлантикада жоғалып кеткен сүңгуір қайық әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Канадалық ұшақ экипажы, бір дыбысты естігенін хабарлады. Қазір сол шудың қайдан келгенін анықтау үшін суға робот жіберіліп отыр. «Титан» атты батискаф 3 турист және 2 экипаж мүшесімен жексенбі күні ғайып болды. Олар 1912 жылы құрдымға кеткен «Титаник» кемесінің қалдықтарын зерттеу үшін мұхит түбіне түскен. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу