Астанада органдар донорлығы мен трансплантацияға арналған конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада органдар донорлығы мен трансплантацияға арналған конференция өтеді

08.08.2014
Астанада органдар донорлығы мен трансплантацияға арналған конференция өтеді

Тамыздың 8-9 аралығында Астанада тұңғыш рет органдар донорлығы және трансплантацияға арналған Халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтеді.

Жиынға органдар және тіндер трансплантациясы саласының мамандары, мемлекеттік органдардың, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, психологтар, заңгерлер қатысады деп жоспарлануда.

Қонақтар мен спикерлер арасында Чехия, Хорватия, Ресей, Беларусь мемлекеттерінен мамандар келеді.

Сонымен қатар, Жапония және Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы трансплантолог-мамандары туыстық трансплантация саласында инновациялық технологияларды енгізу мәселесі бойынша шеберлік-сағатын өткізеді.

Конференцияның шеңберінде мамандар үздік трансплантациялық үйлестіру және трансплатациялық қызметті ұйымдастыру жүйесімен таныса алады.

Хабарламаларға жазылу