Астанада «Ренессанстан Классицизмге дейінгі итальяндық сәулет өнері» атты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ренессанстан Классицизмге дейінгі итальяндық сәулет өнері» атты конференция өтеді

25.04.2016
Астанада «Ренессанстан Классицизмге дейінгі итальяндық сәулет өнері» атты конференция өтеді

25-26 сәуір күндері Астанада «Ренессанстан Классицизмге дейінгі итальяндық сәулет өнері» атты конференция өтеді. Шара өткен кезеңдегі ұлы италиялық сәулетшілерге арналған.

Конференцияны  «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Астанадағы Италия елшілігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Конференция барысында өнер мен сәулет өнері тарихшысы, сәулет өнері тарихы мен көркем мәдениетке арналған көптеген ғылыми басылымдардың авторы, «Pinax d'Argento» италиялық ұлттық сыйлықтың және Джеймс Экерман атындағы сәулет өнері тарихы халықаралық сыйлығының иегері Федерико России (Federica Rossi) дәріс оқиды.

 

Хабарламаларға жазылу