Брэндон Боченски «Барыс» капитаны болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брэндон Боченски «Барыс» капитаны болады

07.08.2014
Брэндон Боченски «Барыс» капитаны болады

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Брэндон Боченски ҚР Президенті кубогі турнирінде «Барыс» капитаны ретінде мұз айдынына шығатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін «Барыс» хоккейшілері «Қазақстан» спорт сарайында алғашқы жаттығуларын өткізді. Сонымен қатар, бас бапкер Андрей Назаров турнир барысында команда капитаны болатын хоккейшіні таңдады. Капитандық міндетті Брэндон Боченски атқарады.

Айта кету керек, былтыр ол капитанның ассистенті болған еді.  

 

Хабарламаларға жазылу