Боченски аптаның үздік шабуылшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боченски аптаның үздік шабуылшысы атанды

02.01.2014
Боченски аптаның үздік шабуылшысы атанды
«Барыс» клубы сапында ойнайтын Брэндон Боченски құрлықтық хоккей лигасында аптаның үздік шабуылшысы атанды. Екі кездесуде Боченски 9 ұпайды иеленсе, жалпы есепте америкалық легионердің еншісінде - 200 ұпай.
 
Ал «Автомобилист» ойыншысы Якуб Коварж үздік қақпашы номинациясын иеленді. Сондай-ақ «Динамоның» қорғаушысы Доминик Гранякта үздіктер қатарында. Ертең Ари-Пекка Селин шәкірттері сырт айдында «Витязь» командасымен күш сынасатын болады.
 
Әзірге елордалық клуб 79 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде екінші орында келеді. Топ басында 83 ұпаймен «Ақ Барс» тұр.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу