Бразилия Ұлттық құрамасы мен «Барселона» клубының шабуылшысы Неймар Испания чемпионатының 1-тур ойындарына қатысуы мүмкін, дейді клуб дәрігері Энрик Касерес.
«Неймар жарақатынан айығып келеді. Келесі аптада ол жүгіру жаттығуларын бастайды. Неймар чемпионаттың бірінші тур ойындарында алаңға шығуы мүмкін. Бірақ, ойынға шығу-шықпауын бапкерлер шешеді», дейді клуб дәрігері.
Естеріңізге сала кетейік, Неймар Әлем чемпионатының ширек финалында Колумбия құрамасына қарсы өткізген ойында жарақат алып қалған болатын.