«Реал Сосьедад» пен «Барселона» тең түсті -1:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Реал Сосьедад» пен «Барселона» тең түсті -1:1

28.11.2016
«Реал Сосьедад» пен «Барселона» тең түсті -1:1

Футболдан Испания чемпионатының 13-ші туры аясында сан-себастьяндық «Реал Сосьедад» өз алаңында каталониялық «Барселонаны» қабылдады. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері ұдайы шабуылдаумен болды. Ал, каталониялықтар бұл матчта фаворит болғанымен, бірінші таймда азулы MSN үштігінің өкілдері ешқандай нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді. Ойын негізінен алаңның «Барселона» жағында жүріп, қауіпті сәттер Марк-Андре тер Штеген қақпасы маңайында туындады. Әсіресе, бұл сәттерде «Реал Сосьедадтың» мексикалық футболшысы Карлос Вела белсенді болды.

Екінші тайм тартысты өтті. Кездесудің 53-ші минутында Карлос Вела каталониялық команданың бірнеше қорғаушысыш артта қалдырып, қақпаға оның бағыттаған соққысын  Марк-Андре тер Штеген қайтарғанымен, допқа бірінші болып Виллиан Жозе жетіп, басым допты қақпаға қарай ұрады - 1:0.

Бірнеше минуттан соң (59’) Неймар сол қанаттан шабуылдап, «Барселонаның» басты жұлдызы Лионель Мессиге пас шығарады. Ал, аргентиналық шабуылшы допқа екі рет қана аяқ тигізіп, есепті теңестіреді – 1:1.

Естеріңізге сала кетсек, «Реал Сосьедад» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсеткен көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

«Реал Сосьедад» - «Барселона» кездесуіне видеошолу

 

Хабарламаларға жазылу