Еуро-2016. Испания құрамасы Түркияны 3:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Испания құрамасы Түркияны 3:0 есебімен ұтты

18.06.2016
Еуро-2016. Испания құрамасы Түркияны 3:0 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «Е» тобындағы Испания мен Түркия құрамаларының арасындағы 2-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Испания құрамасы Түркияны 3:0 есебімен ұтты. Матчтағы есепті Испания құрамасының футболшысы Альваро Мората 34-ші минутта ашқан болса, араға 3 минут салып Нолито есепті еселей түсті.

Ал, екінші тайм бастала сала, яғни 48-минутта Альваро Мората дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді. Сөйтіп, Испания құрамасы чемпионаттың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Испания - Түркия 3:0

Гол: Мората 34, Нолито 37, Мората 48

Испания: Де Хеа, Пике, Альба (Аспиликуэта 81), Хуанфран, Рамос, Иньеста, Бускетс, Сильва (Сориано 64), Фабрегас (Коке 71), Нолито, Мората.

Турция: Бабаджан, Балта, Эркин, Генюль, Инан (Малли 70), Озъякуп (Шахан 62), Топал, Туран, Туфан, Чалханоглу (Шахин 46), Йылмаз.

Хабарламаларға жазылу