ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 72 кандидат ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 72 кандидат ұсынылды

06.08.2014
ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 72 кандидат ұсынылды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 72 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсынылғандардың ішінде 4-і әйел. 

Күнтізбелік жоспарға сәйкес ұсыну 31 тамызға дейін созылады.

Ал, 11 қыркүйекке дейін кандидаттарды тіркеуді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. 

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының нормативтері белгіленді.  

Хабарламаларға жазылу