Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылды - Венера Жексембекова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылды - Венера Жексембекова

02.09.2014
Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылды - Венера Жексембекова

2-31 тамыз аралығында республика бойынша Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттығына 88 үміткер ұсынылды.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлімдеді.

Сайлауға дайындық пен  оны жүргізу шараларының күнтізбелік жоспарына сай, үміткерлерді ұсыну 31 тамызда аяқталды.

Ең көп үміткер Алматы қаласынан тіркелген.  Олардың саны - 9. Ал, Ақтөбе және Алматы облыстарынан 7 кандидаттан ұсынылды. 15 кандидат мәслихаттардан ұсынылса, 73 азамат өзiн-өзi ұсыну құқығын пайдаланған.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2014 жылдың 1 қазанына белгіленген.

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу